Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Шығыс Қазақстанда есірткі сататын жас қыз ұсталды

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында алдын ала белгілі бір орындарға салып қою арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысатын жас қыз анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстанда есірткі сататын жас қыз ұсталды

11 қаңтарда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  қызметкерлері облыс орталығында “скорость”  және “мефедрон” психотроптық заттарын таратумен айналысқан  21 жастағы қызды  ұстады. Бойжеткен оңай олжаға кенелу мақсатында Өскемен қаласының аумағында психотроптық заттарды  байланыссыз тәсілмен,  яғни  алдын ала белгілі бір орындарға қойып кету арқылы сатуды және ақысын қолма-қол ақшасыз алуды ұйымдастыруды шешкен.   

– Ұстау барысында күдіктінің пәтерінен 650 рет қолдану дозасына тең 200 грамнан астам психотроптық заттар алынды, оның  қара нарықтағы бағасы  2 млн. теңгеден  артық соманы құрайды, сондай-ақ  есірткі дозаларын  орауға және өлшеуге арналған  құралдар  тәркіленді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін  10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан  айыру жазасы көзделген.