Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

Бағдат Мусин қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобалармен танысты

2 рет көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өткен кеңес барысында ІІМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған цифрлық жобаларды таныстырды.

ҚР ЦДИАӨМ басшысы Ішкі істер министрлігі ұсынған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жобалар жан-жақты ойластырылғанын және оларды пайдалану оңай екенін атап өтті. Бағдат Мусин, сондай-ақ, ҚР ЦДИАӨМ өз тарапынан ІІМ-ге интеграциялық үдерістерге көмек көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Өз кезегінде, ІІМ басшысы ұсынылған жобалар пилоттық режимде апробацияланғанын және пайдалануға дайын екенін хабарлады.

Осылайша, ІІМ 1 ақпаннан бастап 102 мобильді қосымшасын іске қосады. Сервис «Азаматтардың өтініштерін қабылдау процесінің бірізділігі» жобасының бір бөлігі болып табылады. Оның міндеті – полицияның халықтың сұранысына жауап беруін қамтамасыз ету.

Әзірленген қосымшаның көмегімен елдің әрбір тұрғыны жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы ақпарат жолдап,  оның жауапсыз қалмайтынына сенімді бола алады. Жүйе арқылы өтініш беруге, оператормен аудио немесе бейне қоңырау арқылы байланысуға, қызмет алуға, сондай-ақ шақыру орнына барған полиция жасағының орналасқан жерін бақылауға болады.

Сондай-ақ, бірлескен кеңесте «SOS түймесі» таныстырылды. ІІМ бұл төтенше шақыру құрылғысын дамыған елдердің тәжірибесі бойынша көшелерде, қоғамдық орындарда, сондай-ақ жолдарда орнатуды ұсынады. Дабыл түймесін басу арқылы сіз құқық бұзушылық туралы хабарлама жібере аласыз немесе полициядан көмек сұрай аласыз.

Министр Бағдат Мусин цифрлық жобалар ел үшін өте маңызды екенін, әрбір азамат оң әсерін алатынын, оның ішінде қауіпсіздік деңгейі көтерілетінін атап өтті.

Бұдан басқа, баланың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін «Мені тап» балалар қауіпсіздігі жүйесі іске қосуға дайын. Балалар қоғамның ең қорғалмаған бөлігі болып табылады және олар көбінесе ересектер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықтың немесе басқа да заңсыз әрекеттердің құрбаны болады. Жаңа жүйе ата-аналарға смартфондардың көмегімен балаларын қашықтықта да бақылауға, олардың қозғалысы туралы білуге көмектеседі.  Қауіп туындаған жағдайда бала негізгі тізбектегі түймені пайдаланады және дабыл автоматты түрде ата-аналарға да, полицияға да беріледі. Бұл қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік береді.

«Ішкі істер министрлігі өз қызметінде заманауи технологияларды барынша пайдалануды мақсат етіп қойды. Ведомствоның барлық күш-жігері, ең алдымен, ел тұрғындарының мүдделерін қорғауға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың санын азайтуға бағытталған. Полицияны цифрландыру құқықтық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету саласындағы жұмыстың сапалы, жаңа деңгейін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

ІІМ басшысы цифрландыру бойынша жұмыс жүргізу барысында ведомство мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға көп көңіл бөледі, өйткені бұл халыққа қызмет көрсету мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 2020 жылы ІІМ 9 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен. 40 қызметтің 38 түрі немесе 95 %-ы автоматтандырылған.

Соңғы жаңалықтар

Әулие ата һәм ұлы жырау

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар