Теннис • 26 Қаңтар, 2021

Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы АТР чемпиондық жарысының 25 қаңтарға арналған рейтингін жариялады деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді

Жаңарған рейтинг бойынша қазақстандық Александр Бублик үшінші сатыға көтерілді. Айта кетелік, Бублик қаңтар айында Түркияның Анталия қаласында өткен АТР 250 санатындағы турнирдің финалына жолдама алған еді. 

Алайда, теннисші жарақатына байланысты финалдан бас тартып, турнирді екінші орынмен аяқтады. Осыған орай, бүгін жарияланған АТР чемпиондық жарысының рейтингінде Бублик үздік үштікке енді. 

Бірінші орынды австралиялық Алекс де Минор мен польшалық Хуркач иеленген. Екі спортшыда да 250 ұпайдан бар. Үшінші орынды 150 ұпай жинаған қазақстандық Александр Бублик пен америкалық Себастьян Корда өзара бөліскен.

Айта кетелік, Александр Бублик АТР рейтингінді 45-ші орында келеді.