Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды

«Қоршаған ортаға ешқандай оң әсері жоқ, қаражатты құр игеруді көздейтін жасанды шараларға жол бермеу қажет. Сондықтан ағаш отырғызуға лайықты орындарды анықтау үшін ғалымдармен және жұртшылықпен бірлесіп, кәсіби талдау жүргізген жөн», деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкіметке арнайы тапсырма берді.

«Үкіметке 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырамын. Әсіресе, қоршаған ортаны қорғау ісіне қажетті барлық көрсеткіштерді цифрландыру – маңызды міндеттердің бірі», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше