Қазақстан • 26 Қаңтар, 2021

Қазақстанда монополияға қарсы жаңа заң әзірленеді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда монополияға қарсы жаңа заң әзірленеді. Мұндай міндетті Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда монополияға қарсы жаңа заң әзірленеді

«Бұл тапсырмалар блогын бүкіл мемлекеттік аппарат жұмысының басымдығына айналуға тиіс ең өткір мәселелердің бірімен аяқтағым келеді. Ол – бәсекені дамыту. Бүгінгі таңда елдің экономикасы мемлекеттің қатты араласуынан ғана емес, жеке монополистердің бәсекеден тыс әрекеттерінен де зардап шегіп отыр. Олардың қатарында мемлекеттің өзі құрған бірыңғай операторларды, жеке монополияларды да атап өтуге болады. Сол себепті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне осындай құрылымдарды ұстаудың қажеттіліне талдау жүргізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, біздің елде осындай 50-ге тарта монополия бар.

«Өз ұсыныстарыңызды 1 маусымға дейін маған әкеліңіздер. Артынша не істеу керектігін шешеміз. Оларды бәлкім мәртебесінен айырамыз, керек болса тіпті жабамыз. Үкімет пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетіне 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін адал бәсекелестікке кедергі келтіріп тұрған негізгі проблемаларды шешуге бағытталған заң жобасын қабылдауды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Президент осы заң қабылданғанға дейін мемлекеттік және жеке операторларды құруға тыйым салынуы керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше