Әлем • 26 Қаңтар, 2021

Тәжікстан коронавирус індетін жойды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«COVID-19 індетін жеңдік», деді президент Эмомали Рахмон парламентке жыл сайынғы жолдауында. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасап Egemen.kz хабарлады.

Тәжікстан коронавирус індетін жойды

«Қазір Тәжікстанда коронавирус жоқ, біз оны толығымен жойдық», - деді мемлекет басшысы. 

Соған қарамастан барлық тұрғындар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек екенін атап өтті. 

«Ендігіде босаңсымай, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтауды ұмытпауымыз керек», - деді Рахмон. 

Президенттің айтуынша, Тәжікстан үкіметі өткен жылы Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдауға 1,6 миллиард сомони (145 миллион доллардан астам) бөлді, ал елде шұғыл түрде 30-ға жуық жаңа ауруханалар пайдалануға берілді. 

«Коронавирус пандемиясымен күресу үшін COVID-19 жұқтырған науқастарға 7000-нан астам жаңа ауруханалық төсек-жабдық ұйымдастырылды, оларға 5400 медицина қызметкері қызмет көрсетті», - деді мемлекет басшысы. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанда 15 күннен бері коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайы тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше