Соның ішінде концерттік бағдарламалар мен кафе және мейрамханалардың түнгі қызмет үшін рұқсат берілген. Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, концерттік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілді.
концерттік залдардағы көрермен сыйымдылығын ескере отырып, олардың санын 50%-дан аспайтындай жағдайда ұйымдастыру;
қашықтықты сақтай отырып, көрермендер отыратын концерт залдарын пайдалануды қамтамасыз ету және арақашықтықты сақтау үшін қажетті орындарды белгілеу;
Концерт залына келген көрермендер мен қызмет көрсетушілер міндетті түрде бетперде тағуы керек. Сонымен қатар осы шешімге байланысты Республикалық арнайы комиссия 08:00-ден 23:00-ге дейінгі уақыт аралығында қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауықтыру мекемелерінің жұмысына шектеуді алып тастады.