Білім • 27 Қаңтар, 2021

ЖОО-лар ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқарып жүр ме?

335 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жоғары оқу орындары ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқаруы керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның бүгінгі жалпы отырысында айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz 

ЖОО-лар ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқарып жүр ме?

Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің жалпы отырысында: «Мемлекет басшысы ғылым саласын дамыту мәселесін ерекше назарда ұстап отырғанын жақсы білесіздер. Ғылымға қаржыландыру жағынан да, басқа мәселелер бойынша да үлкен көмек көрсетіп отыр. Сондықтан біз осы саланы дұрыс игеріп, жолға қойып, жұмысты ашықтық қағидасымен ұйымдастыруымыз керек. Жоғары оқу орындары да осы жұмысқа белсенді түрде араласуға тиіс. Ректорларға да жиналыс кезінде айттым: әр факультетте декандардың ғылым жөніндегі орынбасарлары бар. Кафедра да ғылым бойынша есебін тапсырады. Ғылым жөніндегі проректорлар да бар. Бірақ осының бәрі болғаннан кейін нәтиже де болуы керек қой. Коммерциализация кеңселерін ашып қойдық. Бірақ соның мазмұны қайда? Осы мәселелерге ерекше назар аударып, жоғары оқу орындары осы жұмыстарды белсенді түрде орындауға тиіс», деп айтып өтті.

Министрдің айтуынша, ғылым саласын цифрландыру саласында да мәселелер жоқ емес.

«Бюрократиялық кедергілерді жою керек. Басқару жүйесінде де әртүрлі бюрократиялық кедергі көп. Оны өздеріңіз білесіздер. Біз біразын жойып, алып тастадық. Бірақ десе де әлі бар. Бізге керегі: ғылыммен айналысатын әріптестерімізге тек өз жұмысымен айналысуға жағдай жасау керек. Әртүрлі қағазбастылық, есеп беру дегендердің өзі әрине, үлкен кедергі. Әлбетте, олардың бәрін биыл шешкеніміз жөн», деді ол.

Министр сонымен қатар ғылым комитетіне кадр даярлау, зертханаларды дамыту мәселелеріне баса назар аударуы керектігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025