Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп өткен жылдың қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігіне қарасты дәл осындай 14 білім мекемесі арасында үздік деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды

«ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚК бас директоры Болат Дарбеков запастағы полковник Амангелді Жантасов басқаратын мектеп ұжымына ауыспалы ту мен жалаушаны табыс етті. Сонымен қатар запастағы генерал-лейтенант «Астана» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысына және 31775 әскери бөлімнің командиріне әскери оқытылған резервті даярлауда тәжірибелік көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ салтанатты іс-шарада әскери оқытылған резервті даярлау барысында  әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді жасақтауға белсенді қатысқаны үшін «ҚР ҚМ ӘТМ» РМҚК «Қол жеткізген табыстары үшін» медалімен Қарағанды облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары - Жасақтау басқармасының бастығы подполковник Рустам Жалбинов пен Қарағанды қаласындағы Қазыбек би атындағы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Дмитрий Буксман марапатталды.

 

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар