Жаңа ереже бойынша алдағы уақытта ұйымдастырылатын Суперкубок бәсекесіне 2020 жылғы Қазақстан чемпионатында алғашқы төрт орынды иеленген командалар қатыспақ. Атап айтар болсақ, олар: біріншілік чемпионы – «Қайрат», күміс жүлдегер – «Тобыл», қола медаль иегері – «Астана» және төртінші орынға табан тіреген «Шахтер».
Kazfootball.kz ақпараттық порталының таратқан мәліметіне сәйкес, турнирдің жалпы жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды (шамамен 94,7 мың доллар). Ал төрт команда ішінде дараланып жеңімпаз атанған клубқа Қазақстан Суперкубогы мен 25 миллион теңге (шамамен 59,2 мың доллар) тапсырылады. Күміс жүлдегер атанған ұжымға – 10 миллион теңге (23,7 мың доллар), қола медаль иегеріне 5 миллион теңге (11,8 мың доллар) беріледі.