Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:03

Батыс Қазақстан облысында полицияға бағынбаған бір топ азамат ұсталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында бір топ азаматтың полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай агрессивті мінез-құлық танытқаны түсірілген бейнежазба тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысында полицияға бағынбаған бір топ азамат ұсталды

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді. 

Оқиға 29 наурыз күні сағат шамамен 05:00-де болған. Азаматтың өтініші негізінде полиция қызметкерлері мас күйдегі ер адамға қатысты тиісті шаралар қабылдаған.

Алматы көшелерінде түнгі автожарыстар жиіледі: Полиция бақылауды күшейтті

«Тексеру барысында оның таныстары өзін өрескел ұстап, полиция қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне кедергі келтіріп, талаптарын елемеген. Мас күйдегі құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», делінген министрлік хабарламасында.

Өскеменде патрульдік полицияға шабуыл жасалды

Сондай-ақ агрессия танытып, қарсылық көрсеткен өзге азаматтарға қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталып, ұсталған.

Соңғы жаңалықтар