фото: ашық дереккөз
Оқиға 22 наурыз күні Сағадат Нұрмағамбетов көшесі бойында болған. Полиция қызметкеріне бір жасөспірім жүгініп, белгісіз екі адамның агрессивті әрекеті туралы айтқан. Оқиға орнына келген тәртіп сақшысының талаптарына бағынбаған мас күйдегі жігіттер оған шабуыл жасаған.
Бейресми мәліметтерге сәйкес, күдіктілер полицейдің қызметтік қаруын тартып алып, оған оқ жарақатын салған. Зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілді.
Оқиғадан кейін күдіктілер қашып кеткенімен, көп ұзамай екеуі де анықталып, ұсталды. Қару тәркіленді. Қазіргі таңда олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астанада полицей телефонға жауап бермегені үшін бастығын соққыға жықты
Аталған дерек бойынша полиция қызметкеріне қызметтік міндетін атқару кезінде топ болып өміріне қауіпті күш қолдану фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.