Бұл елдегі жағдай әлі де тұрақсыз. Халық президент Жаир Болсонарудың вируспен күрес әрекеттеріне көңілі толмай, наразылыққа шығуды жалғастыруда.
Вакцина елге Бразилия үкіметі мен AstraZeneca арасындағы келісімге сай жеткізілген. Осыған сай Бразилия өз елінде 100 млн дозаға дейін вакцина өндіруді жоспарлаған еді.
Жаир Болсонаро Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге хат жібергеннен кейін, AstraZeneca Бразилияға екі миллион дайын дозаны жеткізуге келіскен.
Жалпы, індеттің қаупін өз деңгейінде қабылдамаған ел президенті вакцина өндірісі мен елдегі COVID-19 індетінің өршуіне жол бергені үшін сынға қалған. Johns Hopkins университетінің мәліметіне сәйкес, Бразилия коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Елде 215 мыңнан астам науқастың өмірі қиылған. Ал өңірлердегі ауруханаларда орын жетпей, оттегі мен өзге де медициналық құрылғылар тапшы болған.
Ел президентінің әрекеттерін сынға алып, әкімшіліктің шешімдерін тиімсіз деушілердің қатары күн санап артып келеді. Өткен сенбіде үкіметтің пандемияға қарсы әрекетіне наразы мыңдаған адам Бразилияның бірнеше қаласында наразылыққа шықты.