Қоғам • 29 Қаңтар, 2021

Аида Балаева: Елдің рухани кемелдігі мен саяси тұрақтылығы – министрліктің жұмысына байланысты

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Аида Балаева елдің рухани кемелдігі мен саяси тұрақтылығы, қоғамдық берекесі мен бастаған істің баяндылығы көп жағдайда осы министрліктің жұмысына байланысты екенін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аида Балаева: Елдің рухани кемелдігі мен саяси тұрақтылығы – министрліктің жұмысына байланысты

«Мемлекеттің негізгі идеологиялық органдарының бірі ретінде біздің министрлікке жүктелген міндеттердің орны ерекше. Ведомство тікелей жауап беретін екі үлкен бағыт – ақпараттық саясат пен қоғамдық қатынастар. Екеуі де ел Президенті сеніп тапсырған жауапкерлішілігі мол сан-түрлі саладан тұрады. Ең бастысы – елдің рухани кемелдігі мен саяси тұрақтылығы, қоғамдық берекесі мен бастаған істің баяндылығы көп жағдайда осы біздің министрліктің жұмысына байланысты. Бұл жауапкершілікті біз жақсы түсінеміз, салмағын сезінеміз», дейді Аида Балаева.

Еске сала кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы онлайн форматта өтіп жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар