2013 жылғы 11 қараша Астана, Үкімет Үйі
«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде:
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық децгейде қосу;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.