Аймақтар • 30 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда қоймадағы өрт сөндірілді

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада қоймадағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда қоймадағы өрт сөндірілді

«Сағат 15:47-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері жанып жатқан а-355 көшесіндегі 2/1Б-нысанына аттанды. Олар 14 минутта жетті, ғимараттың шатырында электр кабельдері мен шатырдың жылу сақтағыш материалы жанып жатқаны анықталды. Бұл нысан екі бөліктен тұрады, біріншісі электровоз жабдықтарын жөндейтін өндіріс шеберханасы, екінші бөлігі - электр кабельдерін, қозғалтқыштарды және электр техникасын сақтауға арналған қойма», делінген хабарламада.

Қоймадағы өртті сөндіруге жеке құрамнан 62 адам және 14 техника жұмылдырылды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрт сағат 17.52-де толық сөндірілді.