Аймақтар • 30 Қаңтар, 2021

Әйелдің босануына көмектескен СҚО полициясының қызметкері марапатталды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлау қарсаңында ауруханаға жете алмай, жедел толғақ қысқан жас ананы сайлау участогының іргесіндегі медпунктте аман-есен босандырып алған Мағжан Жұмабаев ауданы Полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Ольга Кангозина туралы «ЕҚ» жазған еді. Жуырда ол ІІМ «Құқықтық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды.

Әйелдің босануына көмектескен СҚО полициясының  қызметкері марапатталды

Тергеуші болып жұмыс істейтін бес жыл ішінде қылмыскерлермен бетпе-бет кездесуге, мәйіттерді көруге және қызметтегі өзге де психологиялық қиын сәттерге еті үйренген Ольга, бұл оқиғаның ол үшін ең қиын сынақ болғанын айтады. Аталған жайт туралы ақпарат тек БАҚ-та ғана емес, әлеуметтік желілерде де оны танымал кейіпкерге айналдырды. «Бұл тек менің ғана емес, медицина қызметкерлерінің де еңбегі, - дейді Ольга. – Медицина қызметкерлері мен полицейлер үшін басты мақсат – жерлестеріміздің өмірі, денсаулығы мен амандығы».

Солтүстік Қазақстан облысы