Спорт • 30 Қаңтар, 2021

Садриддин Ахмедов маңызды кездесуде жеңіске жетті

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Мексиканың Куэрнавака қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Садриддин Ахмедов маңызды кездесуде жеңіске жетті

Онда ол Голландия боксшысы Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) кездесті. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа белгіленді. Жеңімпазға бірден үш аймақтық чемпион белдігі - WBA Continental, NABF және WBC Francophone берілуі тиіс болды.

Жекпе-жек төрешілердің бірауыз шешімі бойынша қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Садриддин Ахмедов бірден үш белдікті иеленіп, он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо осымен төртінші рет жеңілді.