Аймақтар • 30 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда ПТР-зертханаларының саны артты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ПТР-тестілеуді өткізу үшін тәулігіне 12 мыңнан астам зерттеу жүргізетін 23 зертхана жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады.

Нұр-Сұлтанда ПТР-зертханаларының саны артты

"Жалпы саны 2100 адамнан тұратын кадрлық резерв қалыптастырылды. Коронавирус инфекциясы бар науқастарды диагностикалау және емдеу бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту жүргізілді. Сүзгі-кабинеттер өз жұмысын жалғастыруда, пациенттерді қашықтан бақылау күшейтілді" деді Т.Мұратов.

Ол сондай-ақ өкпенің жасанды желдеткіші, КТ, рентген аппараттары жеткілікті, оттегі резервуарлары мен шамдар орнатылғанын айтты.