Білім • 30 Қаңтар, 2021

Атыраудағы І курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауов жаңа қаулыға қол қойды. Онда І курс студенттерінің штаттық режимде оқуына рұқсат беріліп отыр.

Атыраудағы І курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды

«Дәстүрлі форматтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, оқытуға рұқсат етілсін» делінген қаулыда.

Сондай-ақ, білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімімен сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға, бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күнінде аралас оқытуға, соның ішінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқытуға рұқсат берілді.

Ал, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) І курс студенттері мен жоғары оқу орындарының  І курс  студенттерін  штаттық режимде оқытуға рұқсат етуге шешім қабылданып отыр.

Аталған қаулы 1 ақпанда сағат 00:00-де күшіне енеді.