Жан Кастекс, Франция премьер-министрі:
– Британиялық және оңтүстікафрикалық штамның таралуы эпидемияның күшеюіне әкеп соғады. Осыған орай локдаун жариялау мәселесі де көтеріліп жатыр. Бірақ біз бұл шараның халыққа қаншалықты ауыр болатынын түсінеміз. Сондықтан соңғы күндердегі дертті жұқтыру деректеріне сүйеніп, мұндай шара қабылдамауды жөн көрдік.
Францияда шектеулерге сай аумағы 20 мың шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендер жабылады. Мекемелер қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Жаңа үкім шыққанша еуропалық емес елдердің азаматтарына республика аумағына дәлелді себепсіз кіріп-шығуға тыйым салынды. Коменданттық сағат тәртібі де ұзартылған.