Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, «Қауіпсіз жол» іс-шарасы 26-30 қаңтар аралығында өтіп жатыр.
«Бір күнде жүргізушілер тарапынан жолда жүру ережесін бұзуға қатысты 458 дерек анықталды. Оның ішінде белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырған 72, көлік құралын пайдалану кезінде ұялы телефонмен сөйлескен 36, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзған 69, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарған 21 дерек тіркелді. Сондай-ақ, жаяу жүргіншіге жол бермеген 56, құжатсыз көлік құралын басқарған 51, маневр қағидасын бұзған 16 дерекке қатысты жүргізушілерге хаттама толтырылды. Айыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды» дейді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.