Херенванда (Нидерланд) конькимен жүгіру спорты бойынша әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр.
Бүгін ерлер арасында 1500 м қашықтық бойынша бәсеке өтті.
Қазақстандық спортшылар арасында Демьян Гаврилов тиісті қашықтықты 1:47:170 уақытта бағындырып, кіші күмісті иеленді.
Тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Морозов 11-орын алды.