Қазақстан • 01 Ақпан, 2021

2021 жылдан бастап жеке үлгідегі дипломдар беріледі

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдар беретін болады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты, - деп жазады Egemen.kz

2021 жылдан бастап жеке үлгідегі дипломдар беріледі

Жеке үлгідегі дипломдар жұмыс берушілерге маман даярлау сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Дипломдарда жоғары оқу орны, білім беру бағдарламасының атауы, бітірушінің деректері, оқыту нысаны көрсетілуі тиіс. Берілген дипломға дербес жауапты болатын ректордың қолы болуға тиіс.

Әр дипломда БҒМ жасаған бірегей сәйкестендіру нөмірі болады.
«Білім туралы» заңына сәйкес әр дипломда қорғаныс белгілері болуы керек.

Жоғары оқу орнының осы оқу орнында оқымаған, білім беру бағдарламасын аяқтамаған адамға диплом беруі лицензиядан айыру және аккредиттеуді кері қайтарып алу үшін негіз болады.

Жеке үлгідегі дипломдарды қолдан жасау ресми құжаттарды қолдан жасау болып саналады. Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.