Елде вакцинация қарқынды жүріп жатқанына қарамастан бүгінде Израиль ауруханалары пациенттерге толып болған. Оның үстіне күнделікті анықталған аурулардың ұлыбританиялық өте жұққыш жаңа штамммен ауыруы елді алаңдатып тастады.
Аурулардың қатарында балалардың көптігі және көз жұмғандардың саны азаймауынан Израиль Кнессеті локдаунды 5 ақпанға дейін созу мен оның тәртібін бұзғандарға айып төлету туралы заң қабылдады. Кнессет белгілеген шектеу бойынша азаматтар үйлерінен 1 шақырымнан алысқа шықпауы тиіс. Тек жұмысқа немесе вакцинация жасату мен азық-түлік алуға ғана ұзай алады. Ал тәртіп бұзғандар 10 мың шекел, АҚШ долларына шаққанда 3 мың айыппұл төлеу қарастырылған.
Өз үйлерінің маңайында, таза ауаға 10 адамға дейін шығуға рұқсат, ал ғимараттың ішінде адам саны 5-тен аспауы тиіс. Сондай-ақ қонаққа бару мен қонақ шақыруға да рұқсат берілмейді.