Биліктегілерді қарашадағы Парламент сайлауына араласып, сайлау нәтижесін фальсификациялады деген айыппен тұтқындаған. Ресми мәліметтер бойынша, өткен сайлауда мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи басқаратын партия үлкен басымдықпен жеңіске жеткен. Ал елдегі әскер екінші партияның тарапында, яғни Суу Кюдің Ұлттық Демократия Лигасының жағында болған. Жалпы, негізгі билік президент емес, дәл осы мемлекеттік кеңесшінің қолында дейді мьянмалықтар.
Енді генералдар төтенше жағдай аяқталғаннан кейін қайтадан сайлау өткізетінін мәлімдеді. Алайда төтенше жағдай 1 жылға созылмақ. Қазір елдегі ірі көшелер мен адам көп шоғырланатын орындар – қатаң бақылауда. Ұлттық телерадиокомпанияның жұмысы тоқтатылып, телефон мен интернет байланысы әлсіреген. Дегенмен, әскери телевизиялық жүйе жұмыс істеп тұр.
Көптеген ел мен халықаралық ұйымдар әскерилердің бұл әрекетін сынап, тұтқындарды босату керектігін айтқан. Мемлекеттік кеңесшінің өзі де әлеуметтік желілерде халыққа үндеу жасап, төңкеріске қарсы шығуға үгіттеген.