Білім • 02 Ақпан, 2021

Мажар елінде оқып жүр

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылы Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдаған Түпқараған ауданы Таушық ауылының тумасы Асқарбай Қызылғұлов бүгінде Еуропаның үздік жоғары оқу орындарының бірі – Дебрецен университетінің Азаматтық авиа­ция факультетінде білім алуда.

Мажар елінде оқып жүр

Асқарбайдың әкесі мұнай ме­ке­месінде жүргізуші болса, ана­сы – ауыл мектебінде тәжірибелі матема­тика мұғалімі.

– Болашақта ұшқыш болуды армандап, алдыма үлкен мақсат қойдым. Бүгінде Еуропаның үздік оқу орнында білім алып жүрмін. Мұнда аса қатты өзгешелік жоқ және универ­ситет маған қат­ты ұнайды, – дейді Асқарбай Қызыл­ғұлов.

Дебрецен университеті – Вен­гриядағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі. Көне болса да студенттерге теория мен тә­­жірибені ұштастырып білім бе­ретіндігімен танымал. Ұшқыш мамандығын 3,5 жыл ғана оқы­тады. Асқарбай оқуын сәтті тә­мам­даған соң, отандық әуе ком­панияларының бірінде жұмыс іс­тегісі келеді.

Алыста білім алып жүрген ауыл баласының мақсаты биік.

 

Маңғыстау облысы