Қоғам • 02 Ақпан, 2021

БЖЗҚ қазақстандықтардың арнайы шоттарына 49 миллиардтан астам теңге аударды

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қазақстандықтардың арнайы шоттарына 49 миллиардтан астам теңге аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БЖЗҚ қазақстандықтардың арнайы шоттарына 49 миллиардтан астам теңге аударды

2021 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан Қорға 25 қаңтарда келіп түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуді бастады. Жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда, яғни «Отбасы банкі» АҚ-дан өтініштер түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49,2 млрд теңгеге 8 460 өтініш (немесе берілген өтініштердің жалпы санының 82%) тексеруден сәтті өтті. Дәл осы сома «Отбасы банкі» АҚ-ға салымшылардың арнайы шоттарына одан әрі мақсатты пайдалану үшін аударылды.

Азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерін уәкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайды және арнайы шотқа ақша түскеннен кейін осы мәселелер бойынша БЖЗҚ-ға жекелеген өтініштер талап етілмейді.