Аудандағы 36 елдімекен табиғи газбен қамтылған. Яғни, 133 мыңнан аса тұрғынның 66 %-ы табиғи газды пайдаланады. Өткен жылы аудан орталығы Мырзакент кентіндегі Энергетиктер көшесін газдандыру үшін облыстық бюджеттен 46,2 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда табиғи газды үйлерге қосу жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар Жаңажол мен Нұрлыбаев ауылдық округтерін толық газбен қамту үшін 2,2 миллиард теңге бөліну үшін және тағы 9 елдімекенді газбен қамтуға құжат әзірленіп, облыстық салалық басқармаларға қаржы бөлдіру мақсатында ұсынылған.
Айта кетейік, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық жобалары аясында 2020 жылы Мақтаарал ауданында жалпы 50,5 шақырымды құрайтын электр желілері мен бағаналары, қосалқы стансалардағы 8 трансформатор толықтай жаңартылған.