Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Түркістан облысының полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмектесті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері жолда қалған жүргізушінің көлігін шығарып, көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмектесті

Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Үмбет Жамалов пен Жасұлан Андосов өздерінің қызметтік көліктерімен патрульдеу кезінде мынадай оқиғаға кезікті. Полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты жол үстінде ауыр жүк көліктің тығылып, жүргізушінің әбігерге түсіп жатқанын байқайды.

Осыдан соң полиция қызметкерлері көліктің жанына тоқтап, оған көмек береді. Небары аз ғана уақыттың ішінде тығылып тұрған көлікті шығарып, жүргізушіге тапсырады. Полицейлердің осындай көмегіне жүргізуші өз алғысын жеткізді.

– Самара-Шымкент жолында келе жатыр едім, кенеттен көлігіммен жолда қалып қойдым. Жолда тұрғанымды көріп тоқтап көмек көрсеткен мына – Үмбет пен Жасұлан деген полицейлерге рақмет. Жолдарың болсын! Қайда болсаңдар да аман болыңдар, – деп алғыс айтты.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары елді мекендерден тыс жерлерге шығу қиын екенін ескертеді және азаматтарға алыс жолдарға бармауға кеңес береді, шұғыл қажеттіліксіз көшеге шықпаған жөн. Сапарға шыққан жағдайда жолдарда барынша мұқият және абай болу керек, жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау қажет.