Қазіргі уақытта жергілікті әскери басқару органдары азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізеді, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтайды, білім деңгейін, дене даярлығын белгілейді.
- Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен медициналық комиссиялар құрылды. Жастарман лауазымды тұлғалар әңгіме жүргізіп, тиісті құжаттардың бар-жоғын тексереді, содан кейін медициналық куәландырудан өтеді, - деді ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі подполковник Азамат Досымов.
Барлық тексерулерден кейін жасөспірімдерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік жазылып, қолына бірінші әскери құжат беріледі.
Тіркеу науқаны барысында жасөспірімдерге әскери қызметтің артықшылықтары мен келешегін, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына түсу ережелері жөнінде де айтылады.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу Қазақстанда жыл сайын, қаңтардан бастап наурызға дейін үш ай бойы жүргізіледі.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру жасына дейінгі азаматтардың ата-аналарын тіркеу науқанына түсіністікпен қарауды сұрайды, - деп подполковник А. Досымов атап өтті.
Тіркеу науқаны санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен өткізіледі.