![Алматыда 20-ға жуық көлік өртенді](/media/2021/02/03/15196b55-53e4-4708-9220-1699e3955604.jpeg)
Белгілі болғандай, өрт Сәтпаев көшесіндегі №139 үйде болған. Өрт туралы хабарлама 2 ақпанда сағат 21.52-де Алматы ТЖД кезекшісінің пультіне келіп түскен. Өрт сөндірушілер келген уақытта ТЖО ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған. Өртті сөндіру кезінде жарылыс болған.
Т. Уәлидің айтуынша алдын ала есептеулерге сәйкес 20-ға жуық көлік өртенген. Жылу әсерінен 4 көлік зақымданған. Тағы 15 көлік эвакуацияланды. Шамамен 600 шаршы метр жер өртенді. Ал ғимараттың жалпы аумағы - 1300 шаршы метр.
«Сағат 23.09-да өрт ауыздықталып, сағат 23.47-де сөндірілді. ТЖО-ның қасында орналасқан жанармай құю бекетіне (оңтүстік жағында) өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр», деді ол.