20 Желтоқсан, 2013

«Тарих. Демография. Педагогика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Алматыда табысты өтті

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

DSC02013Бұл алқалы басқосуды Қазақ­­стан Республикасының Тәуелсіз­дік кү­ні ұйымдастырып өткізуге мұ­рын­дық болған «Бейбітшілік әле­мі» халықаралық қазақ шығар­ма­­шы­лық бірлестігі (төрағасы – Ә.Нұрманов) еді. Аталған бірлес­тік Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында жиырма одақтық саланы біріктіріп, әлемдік деңгейде белсенді жұмыс істеуімен ерек­шеленеді. Мысалы, оның құра­мындағы заңгерлер, жазушылар, сәулеткерлер, т.б. салалық одақтар өз тараптарынан біраз тағылымды істерге мұрындық болып жүр. Жыл сайын түрлі көкейкесті тақы­рыптарға халықаралық ғылы­­ми-практикалық конференциялар өткізілуі соның жарқын айғағы болса керек. Сөйтіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани дамуына өзіндік ізденіс, талпыныстарымен зор үлес қосып жүргені қанағат сезімін туғызады.

 

DSC02013

Бұл алқалы басқосуды Қазақ­­стан Республикасының Тәуелсіз­дік кү­ні ұйымдастырып өткізуге мұ­рын­дық болған «Бейбітшілік әле­мі» халықаралық қазақ шығар­ма­­шы­лық бірлестігі (төрағасы – Ә.Нұрманов) еді. Аталған бірлес­тік Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында жиырма одақтық саланы біріктіріп, әлемдік деңгейде белсенді жұмыс істеуімен ерек­шеленеді. Мысалы, оның құра­мындағы заңгерлер, жазушылар, сәулеткерлер, т.б. салалық одақтар өз тараптарынан біраз тағылымды істерге мұрындық болып жүр. Жыл сайын түрлі көкейкесті тақы­рыптарға халықаралық ғылы­­ми-практикалық конференциялар өткізілуі соның жарқын айғағы болса керек. Сөйтіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани дамуына өзіндік ізденіс, талпыныстарымен зор үлес қосып жүргені қанағат сезімін туғызады.

Ал аталмыш конференцияда еліміздің тарихы терең талданып, демографиялық жағдайдың өзекті мәселелері келелі сөз етілуімен қатар, педагогикалық реформалардың тиімділігіне қатысты алуан ой-пікірлер ортаға салынды.

Құрылғанына алдағы жылдың басында бес жыл толатын бұл бірлестіктің жұмысына белсене араласып жүрген мүшелерге конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық «Құрмет белгісі» ордені тапсырылды. Ондай құрметке елімізге есімі мәшһүр заңгер, академик Сұлтан Сартаев, сәулеткер, ақын Сайын Назарбеков, қаламгер Қайсар Әлім, т.б. ие болды.

«Егемен-ақпарат».

–––––––––––––––––––

Суретте: халықаралық «Құрмет белгісі» орденінің иегерлері С.Сартаев пен Қ.Әлім.

Соңғы жаңалықтар