20 Желтоқсан, 2013

Оралда астық ұрлаған басшылар жазаға тартылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 12-zernoБатыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында 13 мың тонна астық ұрлады деп айыпталған элеватор басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

«Пойма» астық қабылдау кәсіпорнының бұрынғы директоры Мәлік Иманғалиев 2012 жылдың сәуір айынан бастап өз қоймасынан белгісіз адамдарға бидай беріп отырған. Онысы аздай, жоқ астықты құжат жүзінде бар деп көрсетіп, бидайды сақтағаны үшін ай сайын «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамынан қаражат алған. Осының негізінде аталған акционерлік қоғамға 601 млн.теңге шығын келген. Сот бұл олқылықтың орын алуына жол берген «Пойма» астық қабылдау пунктінің құрылтайшысы Мұрат Жаркеевтің мүлкін тәркілеп, 7 жылға соттады. Сондай-ақ М. Иманғалиев те 7 жылға темір торға қамалды.

Айта кетейік, Мұрат Жаркеевтің үстінен бұдан бөлек тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ол қызмет бабын асыра пайдаланып, көктемгі далалық жұмыстарға бөлінген 339 млн. теңгені жымқырғаны үшін айыпталуда. Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы.

Фото: Ukr apk.

Соңғы жаңалықтар