
Бүгінде мешіттерде профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар қатаң сақталып келеді. Осыған орай, алдағы жұма күні қауіпсіз «жасыл аймақта» орналасқан ауылдық мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұма намазы оқылатын болады.
⠀
Жиын барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы имамдарға жұма намазы кезінде сақтық шараларын жеке бақылауды, санитарлық талаптардың орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.
⠀
Еске сала кетейік, жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен арнайы кездесіп, осы мәселені талқылаған болатын. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовпен де кездескен Бас мүфти коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпсіз «жасыл аймақта» орналасқан өңірлердегі мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат беру туралы ұсынысын жеткізген еді.