Аймақтар • 03 Ақпан, 2021

Ақтөбеде 30 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде екі күн ішінде “Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 30 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде 30 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Іс-шара барысында 1-5 ақпан аралығында ПД Көші-қон қызметі басқармасы заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. 

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы – 39 азамат, оның ішінде 30 шетелдік және тоғыз Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар соттың шешімімен 10 шетелдік елден шығарылды.