21 Желтоқсан, 2013

Карпов – қостанайлық шахматшылардың қонағы

318 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

IMG 8952Жақында шахматтан әлемнің 12 дүркін чемпионы, халықара­лық дәрежедегі грос­смейстер Анатолий Карпов қостанай­лық шахматшы­лар­дың қонағы болды. Әйгілі шахматшы мұнда бұрын да келген болатын, 2004 жылы қала орталы­ғындағы шахмат клубында болып, спортшылармен, қала жұртшылығымен кездескен еді.

 

Жақында шахматтан әлемнің 12 дүркін чемпионы, халықара­лық дәрежедегі грос­смейстер Анатолий Карпов қостанай­лық шахматшы­лар­дың қонағы болды. Әйгілі шахматшы мұнда бұрын да келген болатын, 2004 жылы қала орталы­ғындағы шахмат клубында болып, спортшылармен, қала жұртшылығымен кездескен еді.

IMG 8952

Анатолий Евгеньевич бұл жолы да бұрынғы өзі көр­­ген қалалық шахмат клубына келді, спортшылармен, қоста­най­лық шахматшылармен жүз­десті, облыс әкімі Нұра­лы Сәдуа­қа­сов­пен, қала әкімі Ға­уез Нұр­­мұ­хамбетовпен кез­дес­ті. Қос­та­най қаласының әкімі атақ­­ты шахматшыға клуб қа­быр­ғасына қайтадан қолтаң­ба­сын қалдыруын өтінді. Осыдан кейін Нұралы Сәдуақасов Кар­повпен блиц ойнады. Әрине, ойын гроссмейстердің жеңісімен аяқ­талды. Анатолий Карпов облыс және қала әкімдеріне өзінің «Кар­пов шахматтары» деп атала­тын фирмалық шахматын сыйлады.

Мұнан кейін қостанайлық шахматшылар Карповты ойынға шақырды. Гроссмейстер бір мезгілде 15 тақтада ойнады. Атақты шахматшымен шаршы тақтада кездескен қарсы­ластарының он екісі 10-15 жас­тағы балалар, үшеуі ересектер – Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Калиновский, «Садовод» шаруа қожалығының жетекшісі Виктор Симаненко және Қос­танай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко болды. Қостанайлықтардың гроссмейс­термен тақта тартысы екі жарым сағатқа ұласты. Бір жарым сағаттан кейін Карпов ойынды шахматтан он бес жасқа дейінгі қыз балалар арасында әлем чемпионы, мектеп оқушылары арасында еліміздің бірнеше мәрте чемпионы Диана Асаубаевамен тең аяқтады.

– 23-ші жүрісте Анатолий Евгеньевич маған тең ойынды ұсынды, егер келіспегенімде жеңілер едім. Онымен қарсыласу қиын, –дейді Диана. Жас та болса еліміздің намысын қорғап жүрген Диана осы кездесуден кейін Біріккен Араб Әмірліктеріне шахматтан кезекті әлем чемпио­натына қатысуға ұшып кетті. Гроссмейстердің тағы бір ойыны осы кездесудегі ең қарт шахматшы Иван Калиновскиймен тең аяқталды. Қалған 13 партия­да Карпов жеңіске жетті. Ойын қорытындысы 14:1 есебімен атақты шахматшының пайдасына шешілді.

Өзінің жанкүйерлері мен шахмат әуесқойларын, спортшыларды жақсы әсерге бөлеген кездесуден соң, жарты сағат бойы қостанайлықтарға қолтаңба берді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Соңғы жаңалықтар