Осы орайда «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңеспен бірлесіп Өскемен қаласында орналасқан Ана мен бала орталығында коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі қорының жеткілікті болуын қадағалау мақсатында мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ тұрғындардан желі арқылы келіп түскен өтініш негізінде Ана мен бала орталығының перзентханасында жүкті әйелдерге қызмет көрсету бөлімінің жұмыс сапасына қоғамдық бақылау жүргізіліп, жобалық кеңсе жетекшісі жас аналармен кездесу барысында, олардың қал-жағдайларын білді.