Үкімет • 04 Ақпан, 2021

Асқар Мамин Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына және «Digital Almaty» форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Мамин Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика, көлік-логистикалық, геологиялық, әскери-техникалық салалардағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларға және екі елдің экономикасы үшін пандемия зардаптарын, оның ішінде экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын дайындау және іске асыру жолымен жоюға ерекше назар аударылды.

Ресей — Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2020 жылы екіжақты тауар айналымы $18 млрд асты.