ЕЭК өкілі, ЕЭК бәсекелестік және антимонополияны реттеу министрі Арман Шаққалиев кеше комиссия іс-шаралар жоспарын дайындағанын, бірінші жартыжылдықта оның бекітілетінін хабарлады.
– Бүгін біз қарқынды консультациялар жүргізіп жатырмыз және біз бұл мәселені жүзеге асыру қажеттілігі туралы нақты түсінеміз. Сонымен бірге, қатысушы елдерде мемлекеттік сатып алуды толық цифрландыруды жүзеге асыру үшін біз 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарды қабылдағанымызды еске салғым келеді, – деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің аумағына сиыр етін әкелу режимін мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту перспективаларына бейімдеу бойынша жұмысты бастайтыны туралы хабарланған болатын.