Футбол • 05 Ақпан, 2021

«Атырау» клубы тағы бір легионермен толықты

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау» футбол клубы Гаити құрамасының ойыншысы Алекс Кристиан Джуниормен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Атырау» клубы тағы бір легионермен толықты

Ол 1993 жылы дүниеге келген, сол жақтан қорғаушы позициясындағы халықаралық кластағы футболшы саналады.

Бұған дейін «Вила-Реал», «Боавишт», «Арарат-Армения» футбол клубтарымен келісім-шартқа отырған. Соңғысында ол екі рет Армения чемпионы атанады. «Transfermarkt» мәліметі бойынша гаитилік футболшының трансферттік бағасы 200 мың еуро құраған. Алайда, «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі Алекс Кристиан Джуниорды командаға тарту үшін ешқандай ақша төленбегенін айтады.

Келісімшарт расымен де жасалған, алайда, ол топқа еркін агент ретінде қабылданыпты. Оған басқа ойыншылар сияқты тек қана жалақы төленбек.

Мұндай кезде трансфертті төлеу «Атырау» ФК құзырына кірмейді.  Қазіргі күні «Атырау» футбол командасы Түркияда қысқы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.