Спорт • 05 Ақпан, 2021

«Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері тағайындалды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап «Мақтаарал» футбол клубын ресми түрде тәжірибелі футбол маманы - Масудов Вахид Юнусович жаттықтырады, деп хабарлайды Egemen.kz. Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері тағайындалды

Вахид Юнусович - осыған дейін бірнеше клубтарда бапкерлік қызметін атқарып жетістікке жеткен. 1993 жылы Алматының «Достық» клубынан өзінің бапкерлік жолын бастаған. Бірнеше сатыдан өткен бапкер, 2016-17 жыл аралығында «Ақжайық» ФК бас бапкері болса, 2018 жылы «Атырау», 2019 жылы «Тараз» футбол клубын жаттықтырған. 

Тәжірибелі бапкер Мақтааралға келіп, клуб басшысы Мейіржан Үсенұлымен бірге аудан әкімі - Бақыт Асановтың қабылдауында болды. Аудан басшысы Вахид Юнусовичтың жоспарларын тыңдап, ісіне сенім білдіре отырып, толықтырулармен қоса нақты талаптар қойды. Ендігі жерде Вахид Юнусовичтың «Мақтаарал» үшін барын салары сөзсіз. 

Ал, қақпашылар бойынша бапкер болып Ұлттық құраманың экс-ойыншысы - Сергей Бойченко тағайындалды.