–Пандемияда Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін көрсетті. Халықты интернетпен қамту 99% құрайды. Жалпы, онлайн режимінде алуға болатын мемлекеттік қызметтердің үлесі 93 пайызға жеткізілді. Электронды сауданың көлемі екі есеге өсті, қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі үш есеге өсті. Бес жыл ішінде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G желісімен қамтылатын болады, – деді Қазақстан премьер-министрі.
Ол сонымен қатар экономиканың барлық салаларында цифрландыру қарқынын жеделдетуді және халықтың өмірін пандемияның маңызды тенденцияларының бірі ретінде атап өтті.
Осылайша, мемлекеттік институттар цифрлық шешімдерді енгізуді жеделдетті, ал қашықтағы форматтардың кең таралуы қоғамның функцияларын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
- Нәтижесінде біз цифрлық экономика көлемінің ұлғаюына куә болдық. Дүниежүзілік институттардың мәліметтері бойынша 2020 жылы IT-технологияларға жұмсалатын қаржы көлемі 3,9 трлн доллардан асты.
Бұлтты есептеу нарығы 20% өсті. 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 600 миллиард доллардан асады, деп мәлімдеді премьер-министр.