21 Желтоқсан, 2013

Жапонияда бір робот жоғары оқу орнына түсу емтиханын тапсырды

850 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

RobotҒалымдар емтихан тапсыра алатын робот жасап шығарды. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.

Робот Жапония жоғары оқу орындарына белгіленген қабылдау емтиханын тапсырып шықты. Ол Жапония және дүние жүзі тарихы, сондай-ақ математика пәндерінен үздік нәтиже көрсетсе, ағылшын мен жапон тілдерінен керісінше төмен балл жинаған екен. Дегенмен, емтихан қабылдаған комиссия мүшелері Торобо-кун есімді роботтың қабілеті жоғары екенін атап өтті.

Ендігі кезекте, роботты жасап шығарған ғалымдар оны одан әрі жетілдіре түсіп, елдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Токио университетінің қабылдау емтиханын оңайлықпен бағындыра алатын деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Segodnya.ru

Фото: Rg.ru

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40