Оқиға • 08 Ақпан, 2021

Мұқағали өлеңдері – орыс тілінде

1121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 90 жылдығы тойланатын Мұқағали Мақа­таевтың әдеби мұрасын қайта жаңғыртуға жетісу­лықтар да құлшына кірісті. Өйткені Қарасаздан түлеп ұшқан ақынның рухани тамыры өзі туған өл­кемен тығыз байланысты.

Мұқағали өлеңдері – орыс тілінде

Мұқағали мұрасын жаң­­ғырту ісіндегі ілкімді жо­баның бірі – ақын өлең­дерін өзге тілдерге аудару болса ке­рек. Ал Алматы об­лысы биылғы тойға тар­­ту ретінде қаламгер шы­ғар­маларының орыс тілін­дегі нұсқасын жи­­­нақтап, кітап етіп шыға­рып отыр. Жақында «Воз­вра­щение ласточки» деп ата­латын жинақ облыс оқыр­манының қолына ти­мек­ші. Бұл жинақта Мұқа­ғали Мақатаевтың өлең­дері ақын, аудармашы Орын­­бай Жанайдаровтың тәр­жімасымен берілген. Кітап 500 данамен таралады.

Жалпы, биыл ақын­ның туған ауылында ме­рей­той­лық шара өтеді. Да­йын­дық барысында Қа­ра­саз ауылындағы ақын му­зейін жаңғыртып, аудан ор­талығында Мұқағалидың еңселі ескерткішін тұрғызу жоспары бар. Ал жақында Мұ­қағали Мақатаевтың сө­зіне жазылған әндерді орын­­даудан «Жырлайды жү­рек» рес­публикалық бай­қауы өз мә­ресіне жетті. Он­лай өткен ән сайысының қо­р­ы­тын­дысы ақынның туған күні – 9 ақ­панда жария болмақ.

– Ақынды ұлықтау ісі мұ­нымен тоқтамайды. Жаз айларында кәсіпқой сурет­­шілер арасында «Мұ­қағали – мәңгілік бейне» атты об­лыстық пленэр­лер, фо­токөр­мелер өткі­зі­ле­ді. Бикен Ри­мова атын­дағы облыстық драма театрында «Мұқағали» спек­таклі қойылады. Одан өзге, республикалық, облыс­тық ақындар айтысы, әнші­лер байқауы, ғылыми-прак­тикалық конференциялар мен түрлі деңгейдегі көр­­мелер мен кездесулер, та­ным­дық сағаттар, турнир­­лер, оқулар өтеді, – дей­ді об­лыстық мә­дениет басқар­масының басшысы Мәрлен Көлбаев.

 

Алматы облысы