
АҚШ-тағы Йеллоустон ұлттық саябағының астынан табылған вулканның құрлықты тұтас жойып жіберуге күші жететіні анықталды. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.
Жанартау соңғы рет 640 жыл бұрын атқылаған екен. Геологтар оның құрамындағы қызған магмалардың мөлшері бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда көбейгенін байқаған.
Сан-Францискода өткен Америка геофизика одағының конференциясында Юта университетінің ғалымдары аталмыш жанартау атқылаған жағдайда, оның тұтас құрлыққа апат әкелу мүмкіндігін мәлімдеді. Алайда, ғалымдар вулканның көлемі жөнінде бір пікірге келе алмай отыр. Юта университетінің ғалымдары осы мәселеге нүкте қою үшін, ұлттық саябақ ауданында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Алынған деректерге сәйкес, жанартау ішіндегі магма мөлшері бұрынғы көрсеткіштен 2,5 есе асып түскен. «Біз мұнда ұзақ уақыт зерттеу жүргізе келе жанартау көлемі дұрыс есептелмеген деп болжадық. Дей тұра, зерттеу нәтижесін көріп қаты таң қалдық», – деді Юта университетінің профессоры Боб Смит.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Segodnya.ua
Фото: Traveler-mir.com