22 Желтоқсан, 2013

Қытайда адам өміріне қауіпті құс тұмауы тарала бастады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 12 - Kus tumaiuҚытайда адам өміріне қауіп тудыратын құс тұмауы тарала бастады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Қытай Халық Республикасы ауылшаруашылық министрлігі елдің солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында Эйч5-Эн2 құс тұмауының таралғаны жөніндегі деректі растады.

«Синьхуа» агенттігінің ақпары бойынша, Хэбэй провинциясындағы Баодин қаласында аталмыш індеттің белгілері байқалған 4 мың тауық қырылып қалды. Осыған байланысты, жергілікті билік өкілдері ауданды жауып тастап, 125 700 тауықтың көзін жойған.

Қатерлі вирус көбіне үй құстары мен шошқаларға таралғанымен, адамдарға да оңай жұғады.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40