22 Желтоқсан, 2013

Украина халықаралық қаржы қорымен келіссөздер жүргізуде

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 12 - UkrainaУкраина халықаралық қаржы қорымен несиелендіруді жаңарту жөнінде келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Бізге халықаралық қаржы қорының несиелері қажет, өйткені олардың шарттары тиімді, – деді жексенбі күні Украина вице-премьері Юрий Бойко «1+1» телеарнасынан берген сұхбатында. – Біз халықаралық қор тарапынан қойылған кейбір шарттарды қабылдай алмасақ та, олармен әрі қарай жұмыс жүргізетін боламыз».   

Жұма күні Украина премьер-министрі Николай Азаров Ресейден несиеге 15 млрд. доллар алынғанын ескере отырып, Киевтің алдында ХҚҚ көмегіне жүгінуге аса қажеттілік тумайтынын алға тартты. «Ресей тарапынан несие берілмегенде, біз ХҚҚ-ның шарттарын қабылдауға мәжбүр болар едік, – деді Николай Азаров. – Енді газ құнының төмендеуіне байланысты, ХҚҚ талап еткендей халыққа берілетін газ бағасын көтеруге ешбір негіз жоқ».    

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото:Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40