23 Желтоқсан, 2013

Таиландта үкімет сайлауына қатысуға 34 партия ниет білдірді

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 12 - Tailand sailauТаиланд сайлау комиссиясы парламенттің кезектен тыс сайлауына қатысуға ниет білдірген 34 саяси партияның құжаттарын қабылдады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Комиссия жетекшісі Супачай Сомчароенның айтуы бойынша, оларға барлық құжаттарды тексеріп, сайлауға тіркеу жөнінде шешім қабылдау үшін бірнеше күн қажет. Бангкокта партиялар тарапынан ұсынылған үміткерлерді тіркеу 23-27 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады. Супачай Сомчароен үкіметке қарсы ереуілшілердің сайлауды бұзуға қанша әрекет еткенімен іс-шара мезгілі мен өткізілетін орны өзгермейтінін алға тартты.

Бүгін Бангкоктағы құжаттар қабылдау шарасы өткен тай-жапон спорт алаңын ереуілшілер қоршап алды. Мұнда тек тоғыз партия ғана құжаттарын тапсырып үлгерген. Қалғандары алаңға кіре алмай, құжаттарын жақын жердегі полиция учаскелеріне тапсыруға мәжбүр болған.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: News.tochka.net

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40