Қазақстан Қарулы күштері Қарағанды облысы аумағындағы жолда қалып қойған 120 адамды құтқарды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарлы бұрқасында «Алматы – Екатеринбург» трассасында, яғни Қарағанды қаласынан 47 шақырым қашықтықта 12 жүк көлігі, 10 жеңіл автокөлік, сондай-ақ жүргіншілер мінген автобус жолда қалған. Қар үйінділерінің биіктігі кей жерлерде 2 метрге дейін жетті. Көліктерді қауіпсіз аймаққа орналастыру үшін Спассктегі оқу-жаттығу орталығының қолбасшылығы арнайы техника бөлген.
Жалпы айтқанда, әскери қызметшілер жарты жолда қалған азаматтардың діттеген жеріне жетуіне көмек берді. Ал өз кезегінде қар құрсауынан құтқарылғандар, құтқару жасағының басшысы, майор Леонид Маклаковқа және бірқатар әскери қызметшілерге алғыстарын айтты.
Қарулы Күштердің апаттық-құтқару тобы кез-келген уақытта қазақстандықтарға көмекке келуге әзір.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Қорғаныс министрлігі
Фото: « 1Еуразия» телеарнасы.